16.10.2018, 12:11
Қараулар: 382
Өнер сүйер қауымды бір қуантты

Өнер сүйер қауымды бір қуантты

Озерный ауылдық клубында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Марат Сарбөпеев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова өнер көрсетіп, ауыл аспанын әсем әнге бөледі.


Елордасы Астана қаласының 20 жылдығы мен Қайырымдылық айлығына орайластырылған ән кешінің шымылдығын Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем, саған, туған ел!» әнімен ашқан Марат Сарбөпеев халық арасына кең тараған бірнеше әндердн орындап, тыңдарманды бір серпілтті.

Сондай-ақ ән кешіне келген ауыл тұрғындары Жаңылсын Хасанованың да талантына тәнті болды.

Ауыл кешіне сән берген концерт барысында «Stepup» ансамблі мен ауылдың «Асыл әжелер» және «Озернушки» өнер топтарының мүшелері, ауылдық клуб меңгерушісі А.Құбжанова мен Раздольный клубының меңгерушісі Е.Қалиев те тамаша ән-тартуларын ұсынып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Кеш соңында ауылдағы өнерсүйер ағайынға тамаша кеш сыйлаған өнер иелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Дариян ауылы