9.10.2018, 16:21
Қараулар: 103
«Татуласу орталығының жұмысын одан әрі жетілдіру қажет»

«Татуласу орталығының жұмысын одан әрі жетілдіру қажет»

Бұл туралы аудан әкімі Асхат Шахаров аудандық Достық үйінде өткен жиында мәлім етті. Аталған жиынға сот, құқық қорғау саласының өкілдері мен медиаторлар, ауылдық округ әкімдері қатысты.

         -Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылы аудандарыңызда аудан әкімінің қолдауымен татуласу орталығы ашылған болатын. Бұл — облысымызға қарасты өзге де аудандарға үлгі етіп көрсетуге тұрарлық іс. Осы орталықтың ішінде медиаторлар, қорғаушылар және қажеттілігіне қарай нотариустың болғаны жөн. Сонымен қатар татуласу орталығының жұмысын дамыту үшін жұмыс тобын құрып, жоспар құрылса, біз қолдаймыз, — деді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов.

         -Біз татуласу орталығын ашып қана қоймай, жұмысын одан әрі жетілдіруіміз қажет. Ол үшін бірыңғай база жасақтап, цифрландыру жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар, бір жауапты маман бөлінсе, мәселен, келген адам туралы ақпаратты жүйеге енгізіп отырса дұрыс болар еді. Осы жұмысты жандандыруда біз қаржы бөлуге дайынбыз, — деді аудан басшысы.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ