9.10.2018, 16:12
Қараулар: 110
Елбасы жолдауын талқылады

Елбасы жолдауын талқылады

Аудан орталығында Қазақстан Республикасының президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылаған аудан активінің жиыны өтті.


Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйым жетекшілері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласының қызметкерлері, үкіметтік емес және қоғамдық келісім ұйымдарының өкілдері қатысты.

Алдымен Елбасы жолдауында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар жайын баяндаған Асхат Берлешұлы:

-Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы жолдауы бұған дейін жүзеге асырылып келген стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы. Жолдау еліміздің, өңіріміздің дамуына тың серпін берер басты құжатымыз. Онда айтылған әр міндет, әр бағдарлама жоспарлы түрде жүзеге асуы керек,-деді.

Аудан басшысының айтуынша Елбасы тапсырған 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе өсірілген жағдайда ауданда жұмыс жасайтын 4 мыңнан астам қызметкердің жалақысы 35 пайызға өседі екен. Сондай-ақ 352 дәрігер мен медбикелердің айлығы 20 пайызға өсетіні де көңілге қуаныш ұялатады. Бұдан бөлек мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері мен қызметкерлерінің де жалақысы өсетін болады.

Бірсөзбен ауданның ауылшаруашылығы дамып, кәсіпкерлер ісін кеңейтуге мүмкіндік алған. Өйткені Елбасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Бұл дегніміз кәсіп ашып, іс қылам деген әр азаматқа берілген тағы бір мүмкіндік қана емес, бар кәсібін кеңейітсем деген жандар үшін де тиімді. Білім мен денсаулық сақтау салалары қызметкерлері де қосымша жүктемелерден арылып, тікелей өз жұмысымен айналыса алады. Ең бастысы ұстаздардың мерекесі қарсаңында мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы тапсырма берілуін барша қазақ елі үлкен ықыласпен қабылдағанын аудан басшысы қуанышпен жеткізді.

Сондай-ақ бұқаралық спорттың қолжетімді болуына да баса назар аудару керектігін тапсырылғандығын тілге тиек еткен Асхат Берлешұлы спорт саласын дамыту ісі бір сәтке де тоқтамайтынын айтты.

Жастарды да көңілден таса етпейтін Елбасы «Жастар жылын» жариялаған болатын. Бұл жай ғана қолдау емес екенін атап өткен аудан басшысы ел болашағы саналатын жастар жылын арзанқол фылешмобтармен емес, мазмұнды да мағыналы жыл етіп өткізу керектігін тапсырды.

Жиын барысында жас кәсіпкер Гүлсім Иржанова ел үкіметі мен Елбасының кәсіпкерлік саласын дамытуда атқарып отырған ісі жайында баяндап, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тағы бірнеше жылға созылуы кәсіпкерлік саласының дамуына тың серпін беретінін айтса, денсаулық сақтаусаласының қызметкері Әсем Темірғалиева медицина, Галина Терехова спорт пен туризм, Тілек Залмұқанов кәсіпкерлік, Сағыныш Нұржан жастар саясаты салаларында қандай жетістікке жеткенімізді, болашақта қай бағытта жұмыс жасау керек екенімізді өз баяндамаларында атап көрсетті.

Актив отырысының соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіруге арналған жиынның қарарын жариялады.

Түгелбай Бисен

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар