8.10.2018, 11:41
Қараулар: 5
Туристердің кезекті жеңісі

Туристердің кезекті жеңісі

Жуырда Орал қаласында облыстық «Алтын дала — 2018» туристтік сайысы өтті. Туризм саласына деген қызығушылықты оятып, жастар мен жеткіншектерді туризм спортына баулуды және де олардың бойына табиғатқа деген қамқорлық сезімін сіңдіру мақсатында оздырылған жарысқа өңір аудандарының командалаы белесене қатысты.


Үш күнге бойы жас туристер бәсекесінің көркін қыздырған жерлес өрендер әдеттегідей жақсы нәтиже көрсетті. Белес мектебінде оқитын Тимур Сыдықов, Эльвина Оңғарова, Исламбек Имақанов, Анастасия Чиркова, Дархан Маемир, Ерасыл Жолдығали, Айзар Гумбатов сияқты спортшылардан құралған команда алдымен, «Таныстыру» сынында үздік нәтиже көрсетсе, командалық кросс саяхатта, туристтік техника сайысында және командалық эстафетады екінші нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ байлам қашықтығына шыққан Тимур Сыдықов пен Эльвина Оңғарова алдарына жан салмады.

Спортшыларды баптап, жарысқа апарған аудандық жас туристер стансасының педогогі Қанаған Белгиев:

-Шәкірттерім жақсы нәтиже көрсетті. Бұндай байрақты бәсекеде жүлдгер атану үлкен еңбекті талап етеді. Аудан ұжымы жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Бұл да жақсы көрсеткіш,-дейді.

Түгелбай Бисен