3.10.2018, 16:30
Қараулар: 388
Ақпарат алаңында екі сала жұмысы тыңдалды

Ақпарат алаңында екі сала жұмысы тыңдалды

Ауданда бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерікқали Бисақаев пен аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Есбол Абдулов өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.


– 2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 13 769,6 млн. теңгені құрады. Бұл өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,1 пайыз өскен. Биылғы жылы өсімдік шаруашылығында төмендеу байқалады. 2016-2017 жылдары рекордтық деңгейде өнім алған болатынбыз. Ағымдағы жылы жауын-шашынның аз болуы салдарынан біз өткен жылдардағыдай  көрсеткіштерге қол жеткізе алмай отырмыз, — деді Ерікқали Ғұмарұлы.

Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының айтуынша, ауданда бір уақытта 100 бас бұқашықтан бордақылауға арналған жеті алаң бар. Мәселен, соның бірі Белес ауылында орналасқан «Арыстанов» шаруа қожалығы 100-ден 380 басқа дейін мал бордақылай алады. Бүгінде «Ангус» тұқымды мал өсіретін қожалық 380 ірі қараны өз малы есебінен бордақылауда. Ал қалған қожалықтар бұқашықтарды сатып алып, бордақылау үстінде.

Жалпы, ауданда 8 ай бойынша ет экспорты – 10 534,5, сүт – 30 334,2 және жұмыртқа – 47 858,3-ті құрап отыр.

– Ауданымызда 47776 ірі қара малы бруцеллезге қарсы тексеріліп, олардың ішінде 635 малдан аталмыш ауру табылды. Бүгінде ауру малдар мал сою пункттеріне тапсырылды, – деді ветеринария бөлімінің басшысы Есбол Тілекқабылұлы.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы