3.10.2018, 16:23
Қараулар: 135
Қарияларға құрмет көрсетілді

Қарияларға құрмет көрсетілді

Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов және Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов аудан орталығында тұратын еңбек және соғыс ардагерлерін құттықтап, аға ұрпақтың  хал-жағдайымен танысты.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Макар Дарошенко мен соғыс ардагерінің жесірі Мәдина Жукиналардың үйлеріне барған лауазымды тұлғалар ардагерлерді 1 қазан — Халықаралық қариялар күні мерекесімен құттықтап, сый-сыйапаттарын ұсынды.

Күтпеген қонақтарға ризашылықтарын білдірген қариялар ақ баталарын берді.

 

Түгелбай БИСЕН