3.10.2018, 11:42
Қараулар: 411
«Жомарт жүрек – 2018» жеңімпаздары марапатталды

«Жомарт жүрек – 2018» жеңімпаздары марапатталды

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудандық «Жомарт жүрек — 2018» сыйлығының иегерлері жария етілді.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» — деп атап көрсеткен болатын.

Аталмыш бағдарламалық құжаттың «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында оздырылған «Жомарт жүрек» шарасына қатысушыларды аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтап, ел мүддесін биік қояр бір топ азаматтарды марапаттады.

Олардың ішінде «Жыл меценаты» аталымы бойынша Мұрат Жәкібаев, «Туған өлке» аталымы бойынша Ақсерік Әйтімов, Жомарт Даркеев, Бауыржан Сакпиреев, «Қайырымды жан» аталымы бойынша Әзілхан Арыстанов, «Алтын ұя» аталымы бойынша Юрий Романенко, «Жүректен жүрекке» аталымы бойынша Нұрлан Бужумов, Иван Енютин, Абузар Джафаров т.б. аталымдар бойынша бар.

Салтанатты шарада республикалық «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, елімізге танымал ғалым, жерлесіміз Ақсерік Әйтімов сөз алып, туған жерді қадір тұту турасындағы келелі ойларын ортаға салды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ