2.10.2018, 14:17
Қараулар: 21
Қарияларға құрмет көрсетті

Қарияларға құрмет көрсетті

Елімізде 1 қазан мен 1 қараша аралығында Қайырымдылық айлығы бастау алатындығы әмбеге аян. Бүгін аталмыш айлық аясында  аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков бастаған бір топ лауазымды тұлғалар Оралдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ондағы қариялар мен даму мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтады.

         — 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі болып жарияланды. Осы мерекеге орай арнайы келіп отырмыз. Сіздердің әрқайсыларыңыздың кезінде ел дамуына сүбелі үлес қостыңыздар. Елеулі еңбектеріңіз кейінгі өскелең ұрпақ үшін өнеге. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, — деді аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы.

         Шара шымылдығы елімізге белгілі әнші Гүлнұр Оразымбетованың «Әке туралы жыр» әнімен басталып, аудандық көркемөнерпаздардың әуелеткен әуендерімен жалғасын тапты.

 

Нұрлыбек МҰХАМБЕТИЯРОВ

 

 

   Баянсұлу АДАЕВА,

«Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ММ тұрғыны:

 

— Мен отағасымен отыз бес жыл отастым. Зеленов ауданында еселі еңбек еттім. Жолдасым дүниеден озған соң осы орталыққа келдім. Өкінішке орай, балаларым жоқ. Бүгінгі шараны ұйымадастырып отырған зеленовтық жерлестеріме разымын. Көңіл-күйім көтеріліп қалды.