27.09.2018, 12:15
Қараулар: 381
Келешек кілті – латын әліпбиінде

Келешек кілті – латын әліпбиінде

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қазіргі таңдағы басты тақырыптардың бірі қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу жайын талқылаған дөңгелек үстел өткізді.


Аудан орталығындағы мекемелер мен ұйым өкілдері, мектеп оқушылары мен қоғам белсенділері қатысқан шарада аудандық тарихи-өлкентану музейінің директоры Нұржан Дүзбатыров сөз алып, латын графикасының маңыздылығы жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Сондай-ақ аудан аумағында әліпби ауыстыру ісінің жүргізілу барысы туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жәнібек Аманғалиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қызғалдақ Бекеева кеңінен түсіндіріп өтті.

Шара барысында жиналғандар баяндамашыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Жиын соңында оқушылар мен шара ұйымдастырушылары латын әліпбиін меңгеріп жатқандықтарын көрсетіп, болашақ әліпбиіміздің әріптерімен түрлі сөздер жазып, сөйлем құрастырды.

 

Түгелбай БИСЕН