27.09.2018, 9:36
Қараулар: 597
Психологтардың семинары өтті

Психологтардың семинары өтті

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Девиантты мінез-құлықты балалар арасындағы жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталмыш шараны Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырмасымен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.


  — Бұл семинар аудан және қала көлемінде өтеді. Бұрын Ақжайық және Бөрлі аудандарында өткізілсе, биыл бұған Зеленов ауданы да қосылды. Шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салушылықтың алдын алу.

Қазіргі таңда жастарымыз тест тапсыру немесе оқуға түсу барысында көптеген күйзелістердің орын алып жатқандығы жасырын емес. Бұған қоса ғаламтордағы ойындардың суицидке соқтыру да орын алып жатыр. Міне, осылардың алдын алу үшін бүгін арнайы психологтармен семинар-тренинг өткізудеміз, — деді «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова.

Семинар-тренингті М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлжан Ерғалиева жүргізді. Гүлжан Алғазықызының айтуынша, соңғы үш жылда облысымызда 1439 адам өз-өздеріне қол жұмсаған. Соның ішінде 30 пайызы жасөспірімдердің суицидке баруы болып отыр.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

         Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ