26.09.2018, 14:08
Қараулар: 121
Волейболдан жарыс өтті

Волейболдан жарыс өтті

Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан 2003-2004 жылдары туған қыздар арасында аудан чемпионаты өтті.


 Күн санап қарқынды дамып келе жатырған әуе допқа құмартушылар саны артып келеді. Әсіресе, қыздардың құлшынысы жақсы. Оған аудан орталығы мен басқа да ауылдарда өтіп жатқан жарыстар дәлел. Бұл чемпионат та тартысты өтті.

Жарыстың іріктеу кезеңдеріне үздік шыққан Переметный, Камень, Батурин, Раздольный, Дариян, Володарка мектептерінің командалары қатысты.

Командалар екі топқа бөлініп, жүлдені сарапқа салды. Бірінші топта үздік болған Батурин мен екінші топтың үздігі Дариян қыздары аудан чемпионы атағын сарапқа салса, үшінші орынға Переметный мен Раздольный арулары таласты.

Алдымен үшінші орынды сарапқа салған Раздолный мен Переметный қыздарының ойынында раздолныйлық арулар басым түсті. Ал, чемпиондық атақ сарапқа салынған Дариян мен Батурин мектебінің қыздарының ойынында фаворит саналған Батурин мектебі жеңіске жетті.

Сондай-ақ командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен Айкүміс Мұғалімова «Үздік қорғаушы», Сабина Оразаева «Үздік байланыстырушы», Вероника Шохина «Үздік шабуылшы» аталымдарын иеленсе, Рәзмзия Өтепова жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды.

 

Түгелбай БИСЕН