26.09.2018, 12:54
Қараулар: 112
Шіркеудің ашылу салтанаты өтті

Шіркеудің ашылу салтанаты өтті

Осыдан бірнеше жыл бұрын басталған Переметный ауылындағы шіркеу құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ашылды.


Бұл шара жүздеген ұлт пен ұлыстың басын қосқан еліміздегі толеранттылық пен бірліктің айқын көрінісі.

Шіркеудің ашылуына аудан тұрғындары көптеп жиналды. Хрестиан жамағатының қуанышына ортақтаса келген Орал және Атырау әмірліктерінің архиепископы Антоний:

— Шіркеудің ашылуы әлемге бейбітшілік пен мызғымас бірліктің үлгісі болған Қазақ елінің тағы бір жеңісі.

Бұл Елбасымыздың көреген саясатының тағы бір көрінісі. Өйткені елімізде ешкімді ұлты мен нәсіліне, діні мен діліне қарап  бөліп, кемсітпейді. Қазақ елінің азаматтарының теңдігінің көрінісі осы бір сәні мен салтанаты келіскен шіркеудің ашылуы, — деді.

 

Түгелбай БИСЕН