25.09.2018, 15:46
Қараулар: 7
Аудан атауын өзгерту ұсынылды

Аудан атауын өзгерту ұсынылды

Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында ауданның атауын өзгерту жайын талқылаған жиын өтті.


Көпшілік жергілікті қоғамдастық мүшелерінің арасынан жиын төрағасы етіп Переметный мектебінің директоры Мәлік Өтешевті сайлады.

Ел алдында үлкен беделге ие Мәлік Сисенбайұлы әр тұрғынның ой-пікірінің маңыздылығына басымдық берді.

Аудан атауын өзгерту мәселесін талқылауға жиналған қауым өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, қорытындысында көпшілік аудан атауын қазіргі заман талабына сай өзгерту қажеттігін алға тартты.

Оған қоса, аудандық Достық үйінде аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Зеленов ауданының атауын Бәйтерек ауданы деп қайта атауға байланысты көпшілік тыңдау болып өтті. Тыңдалымға аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен тұрғындар қатысты.

— Биыл 11 қыркүйекте аудан әкіміне ауданның «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі атынан аудан атауын заман талабына сай қайта қарау туралы ұсыныс түсті. Осыған байланысты аудан әкімі аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұловтың атына аталмыш мәселе бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында көпшілік тыңдау өткізу туралы хат түсірген. Осының негізінде аудандық мәслихат 14 қыркүйекте аудандық «Ауыл тынысы» газетінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында көпшілік тыңдау өткізу туралы хабарлама жариялады.

Жоғарыда айтылғандай, 2018 жылдың 22 қыркүйегінде ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастық жиналыстары өтті. Оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің 331-і қатысып, 295-і ауданды Бәйтерек деп атауды ұсынды.

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ұсынысын бүгінгі мәслихаттың тұрақты комиссиясында көпшілік тыңдауға ұсынамын, — деді Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ықыласов.

Аталмыш ұсынысты аудандық комиссия мүшелері бірауыздан мақұлдады.

Айта кету керек, аудан атауын өзгерту Қазақстан Республикасы «Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына және «Әкімшілік аумақтық бірліктерге елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы №138 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.

 

Түгелбай БИСЕН,

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ

Любовь Шмарина,
председатель общественного
совета района:


— Действительно, история Казахстана, в том числе и Зеленовского района прошла большой путь становления и развития. В следующем году нашему району исполняется 80 лет. Ежегодноулучшается благосостояние народа, строятся социальные объекты, инфра-
структура, создаются новые производства и рабочие места. Сегодня прошло собрание местного
сообщества Переметненского сельского округа на котором жители, аксакалы, актив выразили мнение большинства населения и приняли решение о переименовании района в Байтерек.
Значение слова Байтерек несет в себе глубокий смысл и значимость для будущего поколения Казахстана. Байтерек – это символ страны, гордость нашей столицы Астаны, это символ про цветания, мира, единства и дружбы народов. К этому историческому событию мы шли десятилетиями. И этот день настал. Мы, старшее поколение несем ответственность
перед молодежью. И думаю, что данное событие – это начало но-
вой эпохи района под звучным названием – Байтерек

Фарида АЗБАНТАЕВА,
аудандық кітапхана
библиографы:


— Қазақстан Республикасының азаматы ретінде аудан атауының Тәуелсіздік талаптарына сай
өзгергендігін қолдаймын. Келешекке құлаш сермеген ауданның тұрғыны, ұрпақ тәрбиелеуші ана ретінде де соңымыздан ерген ұл-қыздарымыз Қазақ елінің лайықты азаматы екендігін сезініп жүрсе деймін. Сондықтан аудан атауының өзгергені болашақ ұрпаққа қалдырған бір мұра болмақ.
Бұған дейін де аудан атауын өзгерту туралы көп пікірталастардың болғандығынан хабардармын. Егеменді ел болып, етек-жеңімізді жиған соң елді мекендер мен ауыл, аудандардың атауының Қазақ елінің Тәуелсіз ел екендігін айшықтап тұрғаны дұрыс. Біз тарихқа қарсы
шықпаймыз. Біз болашақтың іргетасын қалаймыз!

Рамзия Мауляшева,
заместитель директора
по учебно-воспитательной
работе Батуринской СОШ:

— С момента обретения Независимости в нашей стране проис-
ходят позитивные перемены. Я хочу сказать о том, что наступило самое
оптимальное время для переимено- вания нашего Зеленовского района, которое соответствует идее про- граммной статьи Лидера нации
Н.А.Назарбаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Наш район самый многонацио-
нальный среди районов области и главное достижение это то, что мы
живем в мире. Конечно, у каждого человека есть свое мнение, свое отношение, желание к тому,
как будет звучать название района. Главное, чтобы оно несло историко-смысловое содержание, чтобы наши дети, ученики, потомки, где бы они не находились, в любой точке огромной
планеты, могли с гордостью вспоминать и произносить имя малой Родины. Каждый человек должен самостоятельно переосмыслить этот вопрос, обстоятельно взвесив все «за» и «против» и прий- ти к правильному решению. Например, я за переименование
района и желаю, чтобы мои земляки спокойно и мудро приняли веление времени.