24.09.2018, 10:50
Қараулар: 399
«Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде

«Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.


Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда мекен етуші адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.

Осы жедел іс шараға ішкі істер органдарының барлық қызметтері қатыстырылып, кешенді тексерулер ұйымдастырылуда.

Қыркүйектің 5-і күні басталған профилактикалық шара барысында  5000-ға жуық пәтерлер мен жеке үйлер тексеріліп, құқық бұзған азаматтарға ескерту жасалған.

Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері осы іс шара барысында 7 ұрлық фактісін ашып, күдіктілерді қолға түсірген. Бұдан бөлек қыркүйектің 4-інен 5-іне қараған түні Орал қаласында ұрланған екі «ВАЗ» көлігі де табылыпты.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Жантемір Иманалиев пен учаскелік полицей Жігер Молдағалиев және тағы бір полиция қызметкері Бақыт Бекболаттың жедел әрі мүлтіксіз атқарған қызметінің арқасында қолды болған екі аутокөлік Зеленый ауылынан табылды.

Қазіргі таңда біреудің мүлкіне қол сұққан үш жігіт қолға қамауға алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Түгелбай БИСЕН