21.09.2018, 14:28
Қараулар: 7
«Туған жер – тұғырың, туған тіл – қыдырың»

«Туған жер – тұғырың, туған тіл – қыдырың»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасына ерекше тоқталды.

Елбасы «Туған жер» бағыты бойынша ізденіс және өлкетану жұмыстарын жүргізу және тарихты, мәдени салт-дәстүрді, рухани құндылықтарды дәріптеу бойынша ic-шаралар жоспарлады.


Елбасының мақаласын әрі қарай жүзеге асыру мақсатында Дариян ауылдық   кітапаханасының ұжымы да біраз ауқымды шаралар өткізді.

«Туған жерге тағзым» атты М.Шолохов атындағы  мұражаймен бірігіп, ауылының өркендеуіне үлес қосқан адамдар, ауыл тұрғындарының   қатысуымен форум өтті. Дариян ЖОББҚМ-де ерен еңбек еткен, бүгінгі таңда зейнеткер ұстаз Б.Қ.Аментаеваның қатысуымен «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Тарихшы, өлкетанушы, ұстаз, «Солдат из Приуралья», «Родом из Приуралья» т.б кітаптардың, аудан және облыстық газеттерде өлкетану тақырыбындағы жарияланған мақалаларының авторы Т.А.Абдрахмановпен кездесу кеші  ұйымдастырылды.

Сонымен қатар осы ауылдан түлеп ұшқан меценаттармен оздырылған  дөңгелек үстелдердің жастарға берер тәрбиелік мәні зор болды.

Елдің рухани жаңғыруына үлес қосуы үшін әр адам өзінше ізденуі керек. Үшінші жаңғыру тұсында жастарға қандай үміт артылып, болашақтың   бағдары қандай негізге сүйенеді деген сауалға жауап іздесек, осыны  түсінеміз. Туған елдің өткен тарихын терең танып, бүгінгі қоғамның дамуына үлес қосу  әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Елдің болашағын ілгері жетілдіретін  өр мінезді, нағыз патриоттар – ауыл жастары, яғни біздің ұрпақтарымыз.

«Туған жер» бағдарламасы аясында өткізілген шаралар туған жерге құрмет, адамгершілік тәрбиесі, ұлтаралық сыйластық, отансүйгіштікті ұлықтау. Тек қана осы шаралармен тоқталып қана қоймай, ұжымымыз одан әрі тағылымды шараларды жалғастыра бермек.

                                                                                   Шолпан СҰЛТАНҒАЛИЕВА,

                                                                                     Дариян ауылдық кітапханасының  кітапханашысы