21.09.2018, 14:22
Қараулар: 538
Ауданда Агенттік Төрағасының орынбасары болды

Ауданда Агенттік Төрағасының орынбасары болды

Ауданынға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова болды.


Агенттік Төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы ауданға жасаған сапарын Белес ауылдық округіндегі Мəдениет үйінің тыныс-тіршілігімен танысудан бастады.

Одан соң аудан орталығы Переметный ауылындағы аудандық «Коммунальник» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорын жұмысымен танысты.

«Коммунальник» кәсіпорны ұжымы негізінен алғанда ауыз су құбырларын жүргізу, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды ретке келтіру, қыс кезінде қардан тазарту т.б. жұмыстармен шұғылданады.

Аталмыш мекеменің жұмысы барысымен толыққанды танысқан А.Шайымова кəсіпорын басшысы Жалғас Жиенғалиевке сауалдар жолдап, жұмыс маңыздылығын арттыра түсу қажеттілігін айтты.

Сонымен қатар Агенттік Төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықта болып, орталық басшысы Алмат Қажымұратқа сауалдар қойып, ауыл жастары мəселелерін тыңдады.

— Жастар – ел болашағы. Жастарды біз әркез қолдауымыз қажет. Жастар белсенділігі жоғары болса, ел мәдениеті мен экономикасы қарыштап дами бермек, — деді өз сөзінде Агенттік төрағасының орынбасары А.Шайымова.

Агенттік Төрағасы орынбасарының ауданға жасаған сапары барысында аудан әкімі Асхат Шахаров бірге жүрді.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

 Суреттерді түсірген Маралбек АМАНТАЕВ