21.09.2018, 14:02
Қараулар: 574
Жастар жиыны өтті

Жастар жиыны өтті

«Интеграл» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Өрле, Қазақстан!» жастар ақпараттық-түсіндірме топтарының жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы бойынша жастар жиыны өтті. Оған Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы әдістемелік кабинетінің әдіскері Абат Әжіғалиев бастаған бір топ түрлі сала мамандары мен аудандық колледж оқушылары қатысты.


 — Біз бүгінгі жиында сіздерге түрлі салалар бойынша келелі кеңестер беретін боламыз. Ол үшін арнайы мамандарымыз қатысып отыр, — деді жиынды жүргізген «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Берікқалиев.

Өз кезегінде білім мәселесі бойынша сөз алған Абат Асқарұлы кеңінен түсінік берді.

— Мен сіздерге дәстүрлі дін мен жат ағым туралы тереңірек айтатын боламын. Жалпы, соңғы кездері жат діни ағым туралы жиі естіп біліп жүрміз. Осы жолда адасып жүрген жастарымызды жиі кездестіретініміз де жасырын емес. Оны күнделікті мешіттерде намаз оқыған кезде киім кию мен намазға жығылу кезінде де байқауға болады. Ол үшін назарларыңызды экранға бұрып тамашалауға болады, — деді «Дін мәселелері зерттеу орталығының» маманы  Адрасул Абдрашит.

Бұдан әрі Абдрасул Арманұлы негізгі дін мен жат ағым жөнінде жастарға экран арқылы нақты да дәйекті түсіндіріп, көрсетіп берді.

Жиында сонымен қатар әлеуметтік медициналық сақтандыру, тұрғын үй құрылысы сынды бірқатар мәселелер қаузалды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы