21.09.2018, 13:57
Қараулар: 138
«Дала дарындары» фестивалі өтті

«Дала дарындары» фестивалі өтті

Аудандық «Дала дарындары» жастар шығармашылығы фестивалі өтті. Шараға ауданға қарасты 13 ауылдық округтің 16-32 жас аралығындағы жастар қатысып, бақ сынасты.

 Әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша эстрадалық вокал жанрында І орын Достық ауылынан келген Дилора Сағын мен калениндік Нұрсұлтан Сақтайға, ІІ орын махамбеттік Айнара Ерешоваға бұйырды. ІІІ орынды Белес ауылынан қатысқан Нұрлан Сәрсенғалиев иеленді. Халық музыкасы жанрында І орынды трекиндік Гүлназым Сұлтанова жеңіп алса, ІІ орыннан Янайкиннен келген Бекзат Наурызғалиев көрінді.

Поэзия жанры бойынша Переметный мәдениет үйінен Әсемгүл Қайрат, хореография жанрында «Ару» би ансамблі І орыннан көрінді. Бейнелеу өнерінен Дарьинск ауылынан келген Софья Ан ІІ орынды, тәрбие жұмысы орталығынан Наталья Берсекенова ІІІ орынды иеленді.

Бірінші орыннан көрінген жастар алдағы күндері өтетін облыстық байқауға аудан атынан қатысып, бақтарын сынайтын болады.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы