20.09.2018, 14:47
Қараулар: 17162
Партия конференциясы оздырылды

Партия конференциясы оздырылды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXІІІ конференциясы оздырылды.


Аудан әкімі, филиал төрағасы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен конференция жұмысына Батыс Қазақстан облыстық Саяси Кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Светлана Голубева, аудандық мәслихат депутаттары, партия мүшелері, аудандық бөлім, мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

— Құрметті қатысушылар, мәслихат депутаттары! Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық Заңына сәйкес, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізу жылына екі рет өткізіледі. Оның бірі наурыз айының соңғы жексенбісі болып, екіншісі қазан айының соңғы жексенбісі болып белгіленген.

Осыған дейін аудандық мәслихат депутаттарының екі орны бос тұрған болатын. 2018 жылғы 28 қазанға аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу белгіленді. Сол себепті «Нұр Отан» партиясы атынан депутаттыққа кандидаттар ұсыну мақсатында кезектен тыс конференция шақырылып отыр. Конференция жұмысына сәттілік тілеп, баршаңызды белсенділік танытуға шақырамын, — деді филиал төрағасы Асхат Берлешұлы.

Конференцияның күн тәртібінде Зеленов ауданы №01 Переметный және №12 Мичурин сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депуттарының орнына 2018 жылғы 28 қазанда аудандық мәслихат депутаттарын сайлау тағайындалуына байланысты «Нұр Отан» партиясынан кандидаттар ұсыну мәселелері қаралды.

         №01 Переметный сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына аудандық мәслихат депутатығына кандидат ретінде «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.6 тармағына және партияның Саяси Кеңес Бюросының келісіміне сәйкес, Әсел Ижанова,   №12 Мичурин сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутатығына кандидат ретінде Бекболат Шканов ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

Конференция тиісінше қаулы қабылдады.

Ертай БИМҰХАНОВ

Түсініктеме

is 20mg spanien

4b3a purchase is in mexico