20.09.2018, 10:32
Қараулар: 385
«English for zhastar» жобасы бастау алды

«English for zhastar» жобасы бастау алды

Мичурин жалпы орта білім беретін мектебінде «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының ұйымдастыруымен «English for zhastar» жобасы бастау алды. Қолға алынған аталмыш шара бойынша ерікті жастар мектеп оқушыларын ағылшын тілін терең меңгертпек.


 — Республикалық деңгейде бастау алған «English for zhastar» жобасы облысымыздың алты ауданында жүзеге асатын болады. Соның бірі – біздің ауданымыз. Бұл – қазақ және орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін мол мүмкіндік. Ағылшын тілін күнбе-күн екі сағаттан екі ай бойы жүргізілмек. Жоба сіздердің жан-жақты азамат болып өсулеріңіз үшін қолға алынуда, — «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев.

«English for zhastar» жобасы бойынша мичуриндік оқушыларды Алина Мамедова және Гүлбағым Ниязбаева есімді еріктілер оқытатын болады.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллиннің айтуынша, ағылшын тілі курсы негізінен 9-10 сыныптарға өткізілмек. Егер ниеттері болса, 11-сынып оқушылары да бұл сабақтарға қатыса алады.

— Елбасымыз Н.Назарбаев «Еліміздің кемел келешегі – білімді жастар қолында» деген болатын. Бүгінде оқушыларымыздың білімді және жан-жақты болып өсуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Біз өрендерге белгіленген екі ай мерзімде ағылшын тілін меңгертеміз деген ойдамыз, — дейді ерікті жас Гүлбағым Бейімбетқызы.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ