20.09.2018, 10:17
Қараулар: 563
Акцияға үлес қосқан азаматтар көп

Акцияға үлес қосқан азаматтар көп

Көп балалы отбасы балаларының мектепке дайындығына көмек көрсету, олардың алаңсыз білім алуларына барынша жағдай жасау мақсатында жарияланған республикалық «Мектепке жол» акциясы Погодаев ауылындағы Қ.Ахмиров атындағы мектебінде кең ауқымда өткізіліп келеді.

 Қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тауып, балалардың мектепке дайындығы, отбасылардың қандай көмекке мұқтаж екендігі анықталып, есепке алынды.

Жыл сайын ауыл мектебіне көмек көрсетіп, ауыл балаларына мейірімін төгіп жүретін кәсіпкер Б.Асанов 1-сыныптың 16 баласын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етті.

Сондай-ақ акцияға мектеп түлегі Б.Бушанов та қатысып, көмекке мұқтаж, көпбалалы отбасы балаларына спорттық киімдер мен оқу құралдары салынған сөмкені табыс етті.

         Сонымен қатар, мектеп десе жүрегі елжіреп тұратын тағы бір демеуші Б.Ерғалиев те 8 оқушыны мектеп киімімен қамтыды.

Айгүл СИСЕНҒАЛИЕВА,

Қ.Ахмиров атындағы мектептің әлеуметтік педогогы

БІЗДІҢ АУЫЛ ОСЫНДАЙ!

Басқа да мақалалар