19.09.2018, 10:00
Қараулар: 398
Көшімдік өрендер қайық жорығында 18 шақырымды еңсерді

Көшімдік өрендер қайық жорығында 18 шақырымды еңсерді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының мән-мазмұнын жастарға түсіндіру, өлкентану ісін одан әрі дамыту мақсатында ауданға қарасты Көшім ауылының ұстаздары мен оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан» атауымен қайық жорығына шықты.


 Белсенді ұстаздар Өтеген Қалау мен Светлана Пухова ұйымдастырған жорықтың ашылу салтанатында алған мектеп директоры Валентина Леонтиевна:

— Әр адам Отанын, елін сүюге міндетті. Елді сүю өз туған жерін, өз ауылын сүюден басталады.

Бүгінгі жорық барысында оқушылар ауылымыздың тамаша табиғатымен танысып, сылдырай аққан өзеніміздің экожүйесін зерттейтін болады. Бұл жорықтың берері мол болсын! — деп саяхатшыларға сәтті сапар тіледі.

Жол бойы туған ауыл табиғатына тамсанумен саяхаттаған оқушыларға мөлдір судың сылдыры мен сарғайған ағаштардың керемет көрінісі ерекше әсер қалдырды.

Өзен жағалай қармақ салған балықшылармен тілдесіп, суда жүзген жылан мен құндыз кемірген ағашарға тамсанған оқушыларға Өтеген Жасқайратұлы ауыл, өзен тарихы жайында қызықты әңгімелер айтып, саяхат сәнін кіргізді.

Жорық аясында жалпы ұзындығы 18 шақырымды еңсерілді. Жолшыбай «Бірінші Подхоз» аталып кеткен ауылға тоқтадық. Бұл жорықтан оқушылардың алған әсері ерекше.

Бұл жолы саяхаттқа шыққан әр оқушының ауылына, туған жеріне деген махаббаты артып, су туризміне деген қызығушылықтары оянғаны анық. Және бір айта кететін жайт, Көшім су арнасы салынғалы бері қайық жорығы өтіп көрмеген. Өткен ғасырдан бері бұл өзенде қайық жорығын жасаған Көшім мектебінің оқушылары мен ұстаздары.

 

Айым САҒЫНҒАЛИ,

Көшім мектебінің оқушысы

БІЗДІҢ АУЫЛ ОСЫНДАЙ!

Басқа да мақалалар