18.09.2018, 17:45
Қараулар: 596
Ата-аналар конференциясы оздырылды

Ата-аналар конференциясы оздырылды

Биылғы жаңа оқу жылында қыркүйек айының бірінші аптасынан бастап барлық білім ошақтары «ХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты республикалық ата-аналар конференциясын ұйымдастырғандығы белгілі.


Ауданы орталығы Переметный ауылдында орналасқан Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі басшылығы да ата-аналар конференциясын оздырды.

Конференция жұмысы бала тәрбилеп отырған (1, 11-сынып) ата-аналарына психологиялық қолдау, көмек көрсету мақсатын көздеді.

Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев, аудандық мешіттің бас имамы Әзілхан Бисеналиевтер қатысты.

Конференция барысында сөз алған мектеп директоры Роза Тасанова  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің ата-аналарға арнайы жолдаған хатымен таныстырды.

— Көкейкесті тақырыптар аясында «Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Отбасы құндылығы», «Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары туралы ақпараттық» дәрістер оқылып, бейнекөрсетілімдер көрсетіліп, жаднамалар таратылды.

10, 11-сынып ата-аналарына жасөспірімдік шақтағы өзгерістерде ата-ананың қолдауы туралы ақпарат берілді.

Мектеп психологы А.Махатова ата-аналарды балаларға жылулық сыйлар, көңіл жадыратар жақсы кеңестермен құлақтандырды.

Тағылымды шара:

Біз сені ерекше себептерсіз,

Немере болғаның үшін…

Ұл болғаның үшін…

Сәби болғаның үшін…

Өсіп келе жатқаның үшін…

Әкеңе, анаңа ұқсағаның үшін жақсы көреміз!

Бұл махаббат сенің өміріңнің соңына дейін құпия қорғаның болсын! —  деген жақсы сөздер бала тәрбиесінде әрбір ата-ананың басты ұранына айналар деген тілекпен көпшілік ата-ананың осы сөздерді бірге айтуымен қорытыланды, — дейді жас ұстаз Ерназар Амангелдіұлы.

 

Ертай БИМҰХАНОВ