18.09.2018, 11:37
Қараулар: 144
Аудан халқы әнші Роза Мұсаны жылы қабылдады

Аудан халқы әнші Роза Мұсаны жылы қабылдады

Аудандық мәдениет үйінде өткен әнші Роза Мұсаның «Мұздаған жүректі еріткен мейірімділік» атты ән кешіне өнерсүйер ағайын көп жиналды.

 Тағдырдың ауыр сынағына төзіп, өнерімен елін сүйсінтіп жүрген жан жиналған ағайынға ризашылық сезімін ән арқылы жеткізді.

Кеш шымылдығы Леспек Амановтың «Сағыныш» әнімен ашылып,  «Махаббат – өте нәзік», «Анашым» әндерімен өрілді.

«Өміріңе немқұрайлы қарама», «Гүл-гүл жайна» әндерін шебер орындап, тыңшаушысын еліткен Розаға көрермен ықыласы әлсін-әлсін соғылған қошеметтен белгілі болды.

Жастар жағы әнші құшағын алқызыл гүлге толтырса, ақ жаулықты әжелер ақ батасын берді.

Ауыл тұрғындарының әнге деген құмарын басқан кеш соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев сөз сөйлеп, әнші Роза Мұсаға ықылас гүлін ұсынды.

Түгелбай БИСЕН