18.09.2018, 9:40
Қараулар: 7
Көрші аудан мерейтойына қатысып қайтты

Көрші аудан мерейтойына қатысып қайтты

Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков бастаған аудан делегациясы Ресей Федерациясы Саратов облысының Перелюб ауданында болып, аталмыш ауданның құрылғанына 90 жыл, Перелюб ауылының құрылғанына 170 жыл толуына орай өткен мерейтойға қатысып келді.


 — Баршаңызды бүгінгі туған өлкелеріңіздің айшықты мерекесімен құттықтаймын.

Өздеріңізбен көршілес Зеленов ауданы осы бір өлкенің кешегі өткен тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар.

Сөз жоқ, біз бен Сізді екі арасындағы тамыры тереңге жайылған ұлы достық жолы байланыстырады.

Бүгінгідей заманда ұлттар арасындағы тығыз байланыс екі елдің қандай ма саласында болмасын қарқын алып келеді.Екі аудан халқының бір-бірімен ұдайы байланыс орнатуы – достық діңгегі.

Өсу мен өрлеу жолында тұрғындардың бір-біріне деген құрметі, ыстық ықыласы байланысымызды одан әрі нығайтып, лайымда жақсылықта жүздесейік! – деді К.Тұрлыбеков.

Ресейлік көршілес ауданның мерейтойында Зеленов ауданының көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, өнер көрсетті.

 

Ертай БИМҰХАНОВ