14.09.2018, 15:13
Қараулар: 13
Еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді

Еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді

Аудан әкімі Асхат Шахаров ұзақ жылдар бойы ауданның өркендеуі мен дамуына өзіндік үлес қосқан еңбек ардагері, ел ардақтысы Яфаров Фарид Абдолұлын 85 жасқа толу мерейтойына орай қабылдады.


Аудан басшысы Асхат Берлешұлы ардагерді мерейтойымен құттықтап, ардагер жүріп өткегн өнегелі еңбек жолдарына тоқталып, құрмет көрсетті.

— Арда туған азаматтарды үлгі тұтып, елге жасаған игі істерін ғибрат ету — азаматтық парыз.

Сіздің еңбек жолыңыз адал да қажырлы істерге толы. Сізді аудан жұртшылығы атынан 85 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын, — делінген аудан әкімінің құттықтау хатында.

Аудан басшысы А.Шахаров мерейтой иесі Фарид Абдолұлының иығына шапан жапты.

Мерейлі жасымен құттықтап, қабылдаған аудан әкімдігіне ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

 

Ертай БИМҰХАНОВ