13.09.2018, 12:05
Қараулар: 12
Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімі А.Шахаровтың 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №199 Өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Тұрлыбеков Көпжан Тастанұлы тағайындалды.


Жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасарын активке аудан басшысы Асхат Шахаров таныстырып, лауазым иесінің қызметіне табыс, сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Тұрлыбеков Көпжан Тастанұлы 1982 жылы  дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2007 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын шекара қызметінің офицері мамандығы бойынша бітірген.

2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметінде әскери қызметте болған.

2017-2018 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2018 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.

Отбасылы.

Актив жиынында жаңа қызметке тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы өзіне тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен атқаратындығын жеткізіп, сенім білдірген аудан басшылығына алғысын айтты.

Аудан әкімінің орынбасары К.Тұрлыбековке аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері Қ.Абдушев, Л.Шмарина игі тілектерін арнап, оң қадам тіледі.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар