11.09.2018, 17:17
Қараулар: 7
Жұмысқа орналастыру жайы сөз болды

Жұмысқа орналастыру жайы сөз болды

Аудандық  №2 пробация қызметінің үшінші жартыжылдыққа бекітілген жоспарына сәйкес аудандық кәсіпкерлік палатасымен және жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, сотты болғандармен кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес ашуда несие алу, кәсіпкерлікке оқыту және осы салалар бойынша сауатсыздықты жою жайы сөз болды.

— Бүгінгі отырыста кәсіпкерлікті дамыту және жұмысқа орналасу жайы талқыға салынды. Мақсат сотты болғандарды жұмысқа орналастырып олардың деңгейін төмендету, дейді №2 пробация қызметінің басшысы Иван Есқалиев.

— Кездесуде өз кәсібін ашамын деушілер үшін мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері айтылды. Жеңілдетілген несие, оқыту мәселелері қаперге салынды. Мен жиынға қатысушылар нақты мағлұматтар алды деген ойдамын, — дейді  Зеленов аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсел Қартқожақова.

 

Нұрлыбек МҰХАМБЕТИЯРОВ