10.09.2018, 15:53
Қараулар: 13
Ел біріншілігінен олжалы оралды

Ел біріншілігінен олжалы оралды

Жаяу спорттық бағдарлаудан өткен биылға ел чемпионаты өңір спортшылары үшін табысты болды.

Қыркүйіктің 4-і мен 8-і аралығында Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында  өткен  байрақты бәсекеге облыс намысын қорғай барған  Естай Кенгесбаев пен Ерасыл Серікұлы жақсы нәтижелерімен қуантты.

Алдымен қос оғланымыз ұзақ қашықтықта қола еншілеп қуантса, іле шала спринт бәсекесінде жарыс жолына шыққан Ерасыл Серікұлы алдына жан салмай, ел чемпионы атанды.

Сондай-ақ спортшылар командалық эстафетада күміс еншіледі.

Бұдан бөлек үлкен бәсекелерге жаңа қосылған Нұркен Қасымов үздік ондыққа ілікті.

Спорт әліппесін аудандық жас туристер стансасында ашқан өрендердің болашағы зор. Алған беттерінен қайтпаса, Азия мен әлемді бағындырулары мүмкін.

Түгелбай БИСЕН