10.09.2018, 12:43
Қараулар: 535
Зеленовтық ағайын қос мерекеге үлес қосты

Зеленовтық ағайын қос мерекеге үлес қосты

Орал қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алаңындағы Сабантой және дәстүр мейрамына облысымызға қарасты аудандар киіз үй тігіп, дастарқан жайылды. Олардың қатарында Зеленов ауданы да бар. Аталмыш мерекелерге аудан әкімі А.Шахаров бастаған лауазымды тұлғалар мен өнерпаздар барды. Шара барысында тұрғындар киіз үйде жайылған мол дастарқаннан дәм татты.


-Біз бүгінгі сабантой мерекесіне өзіміздің Достық үйінде жасаған өзіміздің, яки татар ұлтының қолдан жасаған бұйымдарын әкеліп отырмыз. Біз бұл бұйымдарды көрсете отырып, қалай жасау қажеттігі жөнінде мағлұматтар береміз. Қазірдің өзінде жасалу жолдарын сұрап келіп жатқандар бар.

Жалпы біз Достық үйінде аптасына екі мәрте жиналып, әндер мен билер үйреніп, жырлар жаттаймыз, тоқымалар тоқимыз. Құрамымызда он адам бар. Үлкен сахналарға шығып, өнерлерімізді де көрсетеміз, — дейді Зеленов ауданы татар ұлттық орталығының мүшесі Венера Мұсағалиева.

         Шара барысында аудандардан келген өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ