10.09.2018, 11:24
Қараулар: 102
Ел болашағы – дені сау ұлт

Ел болашағы – дені сау ұлт

Аудан орталығында «Өз денсаулығың – өз қолыңда» атты денсаулық фестивалі өтті.


Аудан әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық орталық аурухана ұйымдастырған шараға переметныйлық ағайын белсенді қатысты.

Денсаулық фестиваліне келген спортшыларды алдымен Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов құттықтады.

-Аудан орталығында салауатты өмір салтын ұстанушылар саны артып келе жатқандығы қуантады. Ел болашағы – дені сау ұлт. Сондықтан баршаңызда бүгінгі Денсаулық фестивалімен құттықтай отырып, отбасыларыңа амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін,- деді.

Сондай-ақ фестиваль қатысушыларын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Данияр Омарұлы да құттықтап, бабы мен бағы келіскен шын мықты ғана жеңіске жетсін деген тілегін білдірді.

Фестиваль барысында спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, гір тасын көтеру сияқты бірнеше спорт түрінен сынға түсіп,  үздік шыққандарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Түгелбай БИСЕН