10.09.2018, 10:31
Қараулар: 9
Серік, Кәусар, Зүлфия саяхатшы жанұя

Серік, Кәусар, Зүлфия саяхатшы жанұя

Сырым ауданы Тоғанас ауылында «Әкем, шешем және мен» атты турист отбасылар сайысы өтті.

Астана қаласының 20 жылдығы мен Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қызықты шараның негізгі мақсаты туризм саласының дамуына ықпал етіп, жастар мен жасөспірімдердің саяхатқа деген қызығушылығын арттырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.

Аталмыш жарысқа  аудан атынан Хайрулиндер отбасы қатысты.

Бірнеше кезеңнен тұрған турист отбасылар сайысында намысты қолдан бермеген Хайруллиндер  «Спорттық бағдарлау» және «Туристік тағамдар» атты кезеңдерде үшінші нәтиже көрсетсе, «Үздік фотосурет» кезеңінде екінші, «Туристік көрсетілім» сынында бірінші орынға ие болды.




Осылайша өңіріміздің барлық аудандарынан келген саяхатшы жанұялар жарысының жалпы есебінде IV орынға ие болған зеленовтық жанұяның отағасы Серік Хайруллин:

-Өңірде туризм саласын дамытқымыз келсе, ең алдымен осындай туризмге қызығушылығы бар отбасылар мен жастарды анықтап, оларды барынша қолдауымыз керек. Қызым Кәусар әлі кішкентай десе де барын салды. Келесі жарыстарда жүлделі орындардан көрінеміз деген ойдамын,-дейді.

Бұдан бөлек, сайыс барысында жекелей сын бәсекелері де болды. Ол жарыста бақ сынаған  жас өрен Эльвина Оңғарова ІІІ орынға ие болды.

Түгелбай БИСЕН

 

Кәусар Құрманғазы,

Жарысқа қатысушы

Маған  бұл сайыста спорттық бағдарлау жарысына түскен ұнады. Жасым кіші болса да барлық шарттарын мүлтіксіз орындауға тырыстым. Болашақта әкем сияқты турист спортшы болғым келеді