10.09.2018, 9:56
Қараулар: 98
Отбасы күні мерекеленді

Отбасы күні мерекеленді

Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні мерекесі ретінде елімізде жыл сайын мерекеленіп келеді.


Мерекеге орай  Дариян ауылында аудандық «Арна» әйелдер қоғамдық бірлестігі мен жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында шара оздырылды.

Шараның өтуіне аталмыш ауылдың кәсіпкері В.Н.Талалев пен аудандық мәслихат депутаты, аудандық аурухананың бас дәрігері Ғ.К.Ислямов демеушілік танытты.

Ауылдағы спортпен айналысатын, түрлі іс-шараларға белсене қатысатын жанұялар анықталып, олардың өнерлерін паш етуді мақсат еткен шарада бақтарын сынады.

Мерекенің ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Р.Т.Исмағұлов сөз алып, Отанға деген ыстық сезім отбасына, тума- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Өйткені, отбасы жеке адамның бойындағы ар-ұят, адамгершілік, басқа адамдармен қарым-қатынасты, мәдениеттілікті тәрбиелеуде үлкен роль атқарады, — деп барлық жиналған тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Осындай ізгі тілекпен қоса спорт саласында жүрген жаттықтырушы Н.Сапиев пен Р.Штейнгельбергтің кеуделеріне медаль тағып, бір топ жасөспірімдерге спорт шеберлігіне лайықты деген куәліктер табыстады.

Байқау шарты бойынша балабақша тәрбиеленушілері ата-аналармен бірге велосипед жарысына қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын көрсетті. Әрмен қарай мектеп оқушылары да өздерінің спортқа деген ынталарын танытты.

Мейрамға жиналғандардың көңіл күйлерін көтеріп, күзгі тағамдар дайындаған жеке кәсіпкерлер де марапатталды.

«Әкем, шешем және ас үй» аталымы бойынша І орынға Н.Ергалиева, ІІ орынға «Аққу» кафесінің меңгерушісі Ж.Ақмурзиева, ІІІ орынға аудандық аурухана ұжымы лайық деп танылып, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Байқаудың келесі шарты бойынша балалар модельді кітапханасы мен орталықтандырылған кітапхана ұжымдарының ұйымдастыруларымен

әке-шеше, отбасы туралы мәнерлеп оқудан өткен сайыс мерекенің көркін қыздырды.

Бұл жарыста Дарьинск ЖОББМ-нің оқушысы Д.Құлымбетова жеңімпаз деп танылып, сынып оқушысы Е.Герасименко мен Дарьинск мектеп- гимназиясының 10-сынып оқушысы Ж.Рамазановалар ІІ және ІІІ орындарға ие болды.

Сайыстың ең қызықты бөлімі ата-әжелердің немерелерімен бірге эстафетаға қатысуы болды.

Қай істе де белсенділік, жауапкершілік танытатын ата-әжелер өз өнерлерін паш етті.

Сөйтіп, І орынға С.Жексенғалиевтің отбасы, ІІ орынға В.Самарцевтің жанұясы, ІІІ орынға О.Чеканованың отбасы лайық деп танылды.

Ал 100, 400 метр қашықтыққа жүгіруден болған кроста Р.Ненашев, А.Рамазан І орындардың, В.Экимов, О.Сатыбалдиев ІІ орындардың, В.Шохина, Ұ.Қамбаровалар ІІІ орындардың жүлдегері атанса, 800 метрге жүгіруден І орынды М.Құлымбетов, ІІ орынды Е.Барнаов, ІІІ орынды М.Жандос өзара бөлісті.

Сондай-ақ отбасылық фотосуреттерден өткен жарыста О.Дауов отбасы І орынды, А.Говорухина жанұясы ІІ орынды, С.Жексенғалиевтің отбасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Отбасы тәрбиесін дәріптеп, ата-әжелерді, ата-аналарды құрмет тұтқан шарада барлық қатысушылардың шеберліктерін атап өткен бас төреші, «Арна» әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Н.Калашникова құттықтау тілек жолдап, сый-сияпат жасады.

Мерекеде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ауыл тұрғындары үшін қолжетімді бағаға сатылып, көңілдерін жадыратты.

Шара соңы ауыл өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

 

 Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Дариян ауылы

БІЗДІҢ АУЫЛ ОСЫНДАЙ!

Басқа да мақалалар