7.09.2018, 12:27
Қараулар: 392
Жаздық дәнді дақылдарды жинау жалғасуда

Жаздық дәнді дақылдарды жинау жалғасуда

Ауданда жаздық дақылдарды жинау жалғасуда. Үстіміздегі жылы жаздық дақылдар 107 469 га жерге егіліп, оның 7556 га есептен шығарылды.

Ал 84 177 га жерге егілген өнім жинақталып, орташа өнімділігі — 6,1 ц/га құрап отыр.

Жалпы аудан әкімдігінен түскен мәлімет бойынша бүгінгі таңда 51 694,7 тн өнім алынды.

Атап айтар болсақ, жаздық бидай — 41053,2 тн., арпа — 10506,3 тн., тары — 8,0 тн., ноқат — 99,2 тн., құмай — 28 тн., сондай-ақ көкөніс дақылдары — 7440 тн., картоп — 5250 тн., ал бақша дақылдарынан — 5580 тн. өнім алынып отыр.

 

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ