4.09.2018, 15:21
Қараулар: 351
Переметныйдағы Білім күні

Переметныйдағы Білім күні

Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өткен алғашқы қоңырау салтанаты «Мереке, зор қуаныш – Білім күні, сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні!» деп аталды.


Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталған Білім күнінде сөз алған ұлағат ұясының басшысы Роза Тасанова мектеп жетістіктері мен табыстарына тоқталып, биік белестерді бағындырған бірқатар мұғалімдер мен оқушыларға марапаттау салтанатын жүргізді.

Одан соң мінбеге көтерілген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Тілекбай Төлепқалиев барша ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды Білім күні мерекесімен құттықтап, игі тілегін арнады.

Айта кету керек, аталмыш білім ордасы жаңа оқу жылын 355 оқушымен бастап отыр. Оның ішінде 33 оқушы 1-сыныпқа барды. Мектептің білім бәсекесіндегі жетістіктері сан алуан. Өрендердің өнердегі табыстары да орасан.

Мерекеде 1-сынып оқушылары Отан, туған жер, мектеп тақырыбында тақпақтарын айтса, өнерлі өрендер сазды сәлем жолдады.

Салтанатты шарада алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барлық сыныптарда «Мен – өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

 

Ертай БИМҰХАНОВ