4.09.2018, 12:37
Қараулар: 508
Жұмыспен қамту орталығында – жаңа басшы

Жұмыспен қамту орталығында – жаңа басшы

Зеленов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорлығына Алексей Викторович Герасимов тағайындалды. Жаңа басшыны аталмыш мекеме ұжымына аудан әкімі Асхат Шахаров таныстырды.

Аудан басшысы Асхат Берлешұлы алдымен ұжымды жемісті басқара білген, бүгінде зейнеткерлікке шығып отырған Григорий Баштовенкоға алғыс білдіріп, еңбек ардагері төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ жаңа басшыға сәттілік тіледі.

-Жұмыспен қамту орталығының жұмысы қауырт та күрделі. Бүгінде орталық көптеген жұмысты абыроймен еңсеріп келеді. Бірақ алда тұрған жаңа міндеттер бұдан да көп. Осы жауапты қызметті сіз жемісті атқарады деген сенімдемін, — деді Асхат Берлешұлы.


 Жаңа лауазымға тағайындалған

Алексей Викторұлы Герасимов

2008-2011 жылдары Зеленов ауданы «Жастық-Молодость» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Нұр Отан партиясы Зеленов аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы;

2011-2018 жылдары Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі, кейіннен үйге әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.

2018 жылдың 4 қыркүйегінен бастап «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы