4.09.2018, 11:20
Қараулар: 387
Тіл – тұтастық туы

Тіл – тұтастық туы

Өткен жылдың қазан айында ел үкіметі «Қазақстан Республикасындағы  мерекелі күндердің тізбесін бекіту» туралы қаулысын шығарып, бұрында 22 қыркүйекте мерекеленіп келген Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі 5 қыркүйекке ауыстырылды. Әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылған мереке ауданымызда ерекше салтанатпен атап өтілді.

«Тіл  –  тұтастық туы» атты фестивальмен басталған мерекеге арнайы келген аудан әкімі Асхат Шахаров:

-Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі – ана тіліміз. Біздің көпұлтты еліміздегі татулық Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мүмкін болып отыр.

 Елімізден тұрақ тапқан әр ұлт өкілі өз тілінде сөйлеп, өз салт-дәстүрін сақтай алады. Сол себепті еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетуі тиіс,-деді.


Меркелік шарада мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, ана тіліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген аудан азамат-азаматшалары марапатталды.

Көркемөнерпаздарының концертіне ұласқан фестиваль ұлттық-мәдени бірлестіктер орындауындағы «Достық» блогімен ашылды.

Ауданды мекендеген орыс, украин, татар ұлттарының әндері орындалған тамаша блогты «Ақниет» әжелер ансамблінің мүшелері тамаша қорытындылады. Сондай-ақ Тілдер күні мерекесінде Полина Сармина, Валентин Сажин, Алтынбек Елеусін сияқты әншілер көрерменге жақсы көңіл-күй сыйласа, Аслан Ғизатов пен Николай Новеньков және «Іңкәр» би ансамблі концерт көркін қыздыра түсті.

Түгелбай БИСЕН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар