3.09.2018, 13:01
Қараулар: 568
Шәмшінің әсем әндері-ай

Шәмшінің әсем әндері-ай

Жуырда  ауданымызға қарасты Асан ауылының мәдениет үйінің жетекшісі Анар Сағатқызы бастаған  ұжымның қолдауымен Қазақ вальсінің королі атанған,еліміздің әнұраны «Менің Қазақстаным» және  «Қайықта», «Бақыт құшағында», «Сыр сұлуы» сынды ұмытылмас із қалдырған әуезді әндердің авторы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған  «Шәмшінің әсем әндері-ай» атты әдеби сазды кеш өтті.


Ауылымызда  алғаш рет өткізілген бұл кеш Шәмші  естеліктерімен басталды. Кейін кешке арнайы келген  Шәмшінің көзін көрген, кездесіп дәмдес болған ауыл ақсақалы Құмарғали ата Шәмші мен өткізген ұмытылмас  кездері мен қызықты сәттерімен барша жиылған қауыммен бөлісті.  Одан соң  Асан мектебінің кітапханашыларымен оқушылары, Шәмшіге арналған арнауларын оқып,  «Сыған серенадасы» әніне театрландырылған көрініс қойды. Кеш барысында жиналғандап Шәмшінәі  халық арасына кеңінен тараған «Кешікпей келем деп ең», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» секілді   әндерін орындап,  салтанатты жиынның сәнін кіргізідә.

Қазақ ән өнерінде өзіндік орны бар, ерекше дарын иесіне арналған сазды кеш шымылдығын Анар Сағатқызы «Бақыттымын құрбылар» әнімен жапты.

Шара соңында жиналғандар тамаша кеш ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп,  -Осындай қызықты кештер жалғасын таба берсе екен,-деп тарқасты.

Жанерке Ерболқызы

 Асан ауылы