28.08.2018, 13:29
Қараулар: 355
Ата заң — азаматтар қорғаны

Ата заң — азаматтар қорғаны

Аудан кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Конституция уақыт призмасы арасында» атты дөңгелек үстел оздырылды.


Аудандік ішкі істер, прокуратура, сот жүйесі қызметкерлері, Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұржан Дүзбатыров, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысқан шараны ашып жүргізген кітапханашы Ақзира Бекмағамбетова:

-Азамат дүние есіген ашқаннан, басы құбылаға қараған уақытқа дейін құқығы сақталатын Ата заңымыз құр сөреде жатапайтын баталы заңдар жиынтығы. Ата заң ол бабалар аманаты. Кешегі Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты дала заңдарының жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі конституциямыз. Әр азамат Ата заңға арқа сүйеуге міндетті.


Тәуелсіз ел атанған 27 жыл ішіндегі еліміздің гүлденуі Ата заңның орындалуымен байланысты. Конституция бізді қорғайды, әрі қамқор болады,-деп сөз кезегін Нұржан Тоғызбайұлына берді. Қазақстан заңнамасының іргетасын қалаушы заңгер Бақытжан Қаратаев туралы баяндамасын оқыған ол жиналғандарға қазақтан шыққан тұңғыш заңгер туралы тың әрі құнды деректерді айтып берді.

         Ата заңымызға деген құрметті арттыруға бағытталған жиын барысында ауыл әкімі Бекзат Ғаппарұлы өзі басқарып отырған окруте конситуциямыздың баптары қалай орындалып жатқаны туралы айтса, аудан прокуратурасының аға прокуроры Махат Өтемісов өзінің «Конституция – азаматтардың құқығы қорғалатынын дәлелдеуші құжат» аты баяндамасында басты құжатымыздың кей аспектілері жайында айтып, заңдылық тұрғысынан кең түсінік беріп өтті.

         Шара соңында еңбек ардагері Николай Анципрович дөңгелек үстел ұйымдастырып, Ата заңымызға деген құрметтерін көрсетіп отырған кітапхана қызметшілеріне ризашылығын білдірді.

Түгелбай Бисен

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар