22.08.2018, 9:53
Қараулар: 337
«Мектепке жол» – келешекке жол

«Мектепке жол» – келешекке жол

«Мектепке жол» республикалық акциясы Дариян ауылындағы аудандық №2 сотының ұжымында оздырылды.

Соттың акт залында ұйымдастырылған шараға Дариян ЖОББ қазақ мектебінде оқитын көпбалалы отбасылардың балаларына оқу құралдары мен сөмкелер табыс етілді.

Сондай-ақ шарада судьялар А.Сидорова мен Е.Нұрсұлтановтар егеменді еліміздің болашағы балалар екендігін ескеріп, осы балалардың қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар болып шығуларына тілектерін жеткізді.

Жиынға қатысқан мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Әбішов ризашылығын білдіріп, сот ұжымының қызметкерлеріне табыс тіледі.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА