21.08.2018, 10:49
Қараулар: 552
Ауданда – Құрбан айт мерекесі

Ауданда – Құрбан айт мерекесі

21 тамыз барша мұсылман баласының ұлық мерекесі Құрбан айт күні ауданымызда ерекше аталып өтті.

 Таңмен ерте аудан орталығындағы Мешіт үйіне жиналған жамағатты алдымен аудандық мешіттің бас имамы Әзілхан Бисенғалиев Құрбан айт мереқесімен құттықтап, ислам құндылықтары, Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиеті жайлы ұлағатты ойын жеткізді.


– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бүгінгі ұлық мейрамда құрбандық шалудың ең негізгі амалы – жетім-жесірлерге қолұшын созу, араздасқанды татуластыру, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты имандылық істермен астасып жатыр» деген даналығы бар.

Құрбан шалу рәсімінде ірі қара малы құрбандыққа шалынды.

Құрбандыққа шалынған мал еттері аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға үлестірілді.

Айт намазынан соң мерекеге орай спорттың арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күресі т.б. түрлерінен сайыстар өткізілді.

Спорттық шараға зеленовтық ағайын белсене қатысып, сайыс тартысты да қызықты өтті.

Жеңімпаз болып танылған және жүлделі орындарды еншілеген спортшылар қанжығасына бағалы сыйлықтар тігіліп отыр.

Сонымен қатар, Мешіт үйінде барша ағайынға мерекелік кең дастарқан жайылмақ.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар