20.08.2018, 10:55
Қараулар: 593
Янайкин тұрғындары Жайыққа балық жіберді

Янайкин тұрғындары Жайыққа балық жіберді

Көктемде Жайық өзені көтеріліп, ауданға қарасты Янайкин ауылы маңындағы сай-сала суға толады. Сумен бірге сайларға блықтың да келетіні белгілі.

Жаз соңына қарай сайлардағы су азайып, қарайған балықтың қырылу қаупі күшейеді. Соны ескерген Янайкин ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев ауыл азаматарын жинап, сай-саладағы балықтарлы аулап, Жайыққа жіберуді қолға алды. Балық құтқару шарасы өткен бір күн ішінде ауыл маңындағы сайда тұншыққалы жатқан 50 келідей балық суға жіберілді.

Тіршілік иесіне деген осындай қамқорлық шаралары әлі де жалғасатын болады.

Түгелбай Бисен