17.08.2018, 15:54
Қараулар: 339
Жеңімпаздарға құрмет

Жеңімпаздарға құрмет

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесіне арналған VI халық спорты ойындарының аудандық кезеңінде жалпыкомандалық І орынды иеленген Переметный ауылдық округі құрамасының спортшыларын ауыл әкімі Бекзат Бадақов қабылдап, құрмет көрсетті.


-Ауылымыздан талай жақсы спортшылар шыққанын білеміз. Кеше ғана аяқталған халық спорты ойындарындағы жеңісіміз аға буын спортшылары салып кеткен сара жолды жалғаушы саналатын бүінгі жастардың үлкен жеңістер алдындағы кезекі белесі. Баршаңыздың келе жатқан Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,-деп кездесу кешін ашқан Бекзат Ғаппарұлы ауыл командасының мүшелеріне алғыс хат табыс етті.

Үлкен жеңістен кейінгі тамаша басқосу іспетті болған шараға құрама мүшелерінен бөлек ауыл спортының дамуына бір кісідей үлкен қосқан спорт ардагерлері мен түрлі додаларға демеушілік танытып жүретін кәсіпкерлер қатысты.

Жиын барысында спорт ардагері Иван Юнусов кездесу кешін ұйымдастырып,спортшыларға құрмет көрсеткен ауыл әкімдігіне ризашылығын білдірді.

Ауыл спортшылары аудан намысын жыққан емес. Осы күнге дейін футболшылар мен палуандар, баскетболшылар мен волейболшыар, гір тасын көтеру шеберлері  аудандық, облыстық респубоикалық бәсекелерде де жүлде салды. Дегенмен, бүгінгідей құрметті ешқайсысы көрген жоқ. Қандай жетістік болса да еленіп, еңбектің бағаланғаны жақсы. Еңбек етсе, көрсеткішін жақсартса, қолдау болатынын түсінген ауыл спортшыларының жеңіске деген құлшынысы арта түседі деген сенімдеміз.

Түгелбай БИСЕН