17.08.2018, 9:57
Қараулар: 99
Ауданның «Астанаға сәлемі»

Ауданның «Астанаға сәлемі»

Кеше кешкісін облыс орталығы Орал қаласында өткен  аудан көркемөнерпаздарының концерті дәл осылай аталды.


Кеш шымылдығы «Шежіре» халықтық фольклорлық ансамблінің орындауындағы  Е.Молдабековтің «Асыл арман» күйімен ашылып, одан әрі жерлес әншілеріміздің әуезді әуендерімен және мың бұралған бишілердің биімен жалғасын тапты.

Шара барысында Астана, туған жер және тағы басқа бағыттағы әндер шырқалып, көрермен көңілінен орын алды.

Айта кету керек, Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өткен мерекелік шара ағымдағы жылы еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі — елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналды.

Елорданың мерейтойына арналған зеленовтық көркемөнерпаздардың концертін аудан әкімі А.Шахаров бастаған лауазымды тұлғалар тамашалады.

 

Нұрлыбек МҰХАМБЕТИЯРОВ