16.08.2018, 10:13
Қараулар: 344
Зеленовтықтар «Таңғы жаттығу» жасады

Зеленовтықтар «Таңғы жаттығу» жасады

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2003 жылы 15 қарашада тамыз айының үшінші жексенбісін Спорт күні етіп белгілеу туралы жарлық шығарған-ды.


 

Айтулы мерекеге орай аудан орталығындағы барлық мекемелер мен бөлім қызметкерлері таңғы жаттығуға шықты.

Жас бапкер Асхат Мәжит өткізген таңертенгілік жаттығуға қатысқандардың қарасы көп болды.

Сергіту сағатынан тамаша әсер алған қызметкерлер мен аудан орталығы тұрғындары жанды жадыратар, сергітер шараны жиі өткізіп тұру керектігін айтады.

Айта кету керек, «Таңғы жаттығу» шарасын өткізуге аудан әкімдігі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мұрындық болды.

 

Түгелбай БИСЕН