15.08.2018, 10:36
Қараулар: 359
Медиацияға сенім артушылар көбейіп келеді

Медиацияға сенім артушылар көбейіп келеді

Аудандық №2 сотында 74 іс медиация тәртібімен қаралған. Бұл ақпаратпен жуырда өткен брифингте сот төрайымы Ш. Зайнудинова бөлісті.


Биылғы 6 айда атқарылған жұмыс қорытындысы баяндалған жиында белгілі болғандай, аудандық №2 сотта 43 қылмыстық, 248 азаматық және 359 әкімшілік іс қаралған. Соның ішіндегі

47 азаматтық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен аяқталса, 24 қылмыстық іс қысқартылған.

         Елбасы айқындаған бес институционалдық реформаның екіншісі тұтастай заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Реформаны жүзеге асыру барысында бірқатар ауқымды шаралар жоспарланғаны белгілі. Осы ретте әділ соттың бес сатылық жүйесінен үш сатылық жүйеге көшу көзделгенін білеміз. Сол себепті еліміздегі енгізілген үш сатылық сот жүйесі әлемнің дамыған елдеріне тән тәсіл. Қорыта айтқанда, Елбасымыздың ұсынған реформасын игі бастамалардың бірі деп санауға болады. Бұл жолда бәріміз жұмыла жұмыс атқаруымыз тиіс. Ол үшін еліміздің барлық азаматтары қызметін талапқа сай орындап, елдің қамын ойлап, Елбасы тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, жұмыстарды жетілдіруі қажет.

Гүлжан Аязбаева