14.08.2018, 9:54
Қараулар: 484
Аудан футболшыларының кезекті жүлдесі

Аудан футболшыларының кезекті жүлдесі

Жуырда Орал қаласындағы «Орал» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорт күніне орай шағын футболдан қалалық ашық турнир өтті.


         Орал қаласы мен алыс-жақын аудандардан келген мықты футбол ұжымдарының басын қосқан жарыста  аудан намысын қорғаған «Шаңырақ-Дос» командасы жақсы нәтиже көрсетті.

Іріктеу бәсекесін ойдағыдай аяқтаған зеленовтық жігіттер жартылай финалда сүрінгенімен, үшіні орын үшін болған ойында жинақылық танытып, турнирдің жүлдегері атанды.

Сондай-ақ  жарыс барысында үздік ойын көрсетіп, «Шаңырақ-Дос» командасын алға сүйреген Асхат Мәжит жарыстың «Үздік шабуылшысы» аталымын иеленді.

Түгелбай Бисен