13.08.2018, 17:03
Қараулар: 338
Ауданда мұғалім жетіспейді

Ауданда мұғалім жетіспейді

Аудандық білім беру бөлімі бос жұмыс орындарының жәрменкесін ұйымдастырды.


Жыл сайын оқу жылы басында өтетін білім беру саласындағы бос жұмыс орындарының жәрменкесіне ауданның барлық мектеп директорлары қатысты.

Білім бөлімінің алдын ала берген мәліметіне сенер болсақ, аудан мектептерінде 100 бос орын бар. Сол жұмыс орындарға орналасуға бар болғаны 29 маман тілек білдірген. Аудан мектептерінде негізінен математика пәні мұғалімдері мен бастауыш сынып ұстаздары жетіспейді.

Қазір мектептерге 25 бастауыш сынып мұғалімі мен 30 математика пәні ұстаздарының орындары бос тұр. Жәрменкеге келген 29 жас маманның екеуі математик болса, 7 ұстаз бастауыш сынып мұғалімі. Бұдан бөлек басқа да мұғалімдердің жетіспеушілігі бар.

Түгелбай Бисен