13.08.2018, 16:03
Қараулар: 131
Шыңғырлаудан жүлделі оралды

Шыңғырлаудан жүлделі оралды

Шыңғырлау ауданы орталығында өңір жайдарманшылары бос қосты.


Шыңғырлау ауданының 90 жылдығы мен халықаралық жастар күніне орайластырылған жайдарманшылар жарысында бақ сынаған  Белес ауылының жастарынан құралған  жайдарман тобы тамаша ойын көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды.

Белсенді жас, «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аяжан Ысқақованың жетекшілігімен құрылған белестік жайдарманшылар бұған дейін де талай ойындардан жүлделі оралып жүргенді. Енді белестік команда бұдан да биік жарыстарда жүлде салады деген үміттеміз.

Түгелбай Бисен