9.08.2018, 16:28
Қараулар: 9
Мәйіт қоршалып, садақа берілді

Мәйіт қоршалып, садақа берілді

Бұл да бір біткен іс. Белес ауылы іргесіндегі мәйіт қоршалып, садақа берілді. Жарық дүниеден өткен жақын-жуықты еске алып, әруағына бағыштап ас беру халқымыздың дәстүрінде бұрыннан бар.


            «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Ел болып көптен жыр болған бейіт қоршалды, қоқыстан тазартылды. Халық пен жомарт жандардың қаражаты арқылы жүзеге асқан жұмыс түйінделді.

-Қандай жақсылық жасасақта Алла разылығы үшін. «Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін» деген әр қайырымдылық іс пен жақсы сөз де садақа. Жақсы істерміз таусылмасын, — деген белестіктер дұға тілеп, ауыл молдасы М.Исқақов жиналған халыққа салиқалы әңгіме айтты.

Тұрғындар атсалықан жұртшылыққа, демеушілік танытқан Серік Ихсанов пен Сәкен Сейсемалиев техникамен жәрдем еткен Мәлік Мұстафинге алғысын білдірді.

 

Белес ауылының тұрғындары